Page 58 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 58

нен жоғары температура туындайтын. Ал ежелгі адамдардың

        қыш ыдыстарды оюмен әшекейлегені, біздің арғы бабалары-
        мыздың әсемдік ұғымын түсінгенін көрсетеді.
            Өндіруші еңбектің пайда болуы Неолит дәуірінің тағы бір

        ерекшелігі және жетістігі болып саналады. Еңбек болғанда да
        ол бір нәрсені жасау немесе өндіру үшін істелетін еңбек. Осы-
        лайша,  еңбек  құралдарының  жетілуі  адамды  аңшылықтан

        малшылыққа, терімшіліктен – диқаншылыққа жетелеп әкелді.
        Ғасырлар бойы табиғатқа тәуелді адамдар қиын тіршіліктен
        құтылды. Енді олар өзіне керекті тағамның бәрін өздері өн-
        діретін  болды.  Неолит  дәуірінде  қоғамның  даму  үрдісі  мен

        адамдардың  санасы  жетіле  түсті.  Олар  бір-бірімен  көбірек
        араласып, бірлесе еңбек етті.
            Неолит дәуірінің соңында адамдар тау кеніне ұшырасып,
        оны қазып алып өңдей бастады.
            Кен дегеніміз құрамында металдар немесе пайдалы ми-
        нералдар бар тау жынысы. Оны өңдеп адамдар алғашқы ме-

        талдарды қолдана бастады.
            Сонымен  Тас  дәуірі  аяқталып,  металдар  өңдеу  кезеңі
        басталды.
            Тас дәуірі өте ұзаққа шамамен 3 миллион жылға созылды!

        Осы уақыт аралығында біздің бабаларымыздың өмірінде ай-
        тарлықтай өзгерістер болды
            Ұзақ  мыңжылдықтардың  ағысында  адамның  келбет  ке-
        скіні де бірте-бірте өзгерді, тілі жетілді, санасы артты. Осынау
        біртіндеп даму сатысы эволюциялық даму деп аталады.
            Адамның қазіргі келбеті, түрі және санасы қалыптасты.

        Ол едәуір ақылды және тік жүретін болды.
            Тастан жасалған алғашқы еңбек құралдары мен аңшылық
        қарулар пайда болды. Тастан еңбек құралдарын жасау тех-
        никасы үнемі жетілдірілді, олардың сапасы артты.
            Егер адам Тас дәуірінің басында екі қолын жерге тіреп, ең-

        кейіп жүрсе, дәуірдің соңына қарай ол енді тік басып жүретін


                                                                                       57
   53   54   55   56   57   58   59   60   61   62   63