Page 60 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 60
Эволюциялық даму – бұл дамудың кері бұрылмай-
тын үдерісі, бір нәрсенің бір қалыптан басқа бір қалыпқа
өзгеруі.
1. Тас дәуірінің соңғы кезеңі қалай аталады?
? 2. Егіншілердің еңбек құралдарын атап бер.
3. Неолит кезінде қандай қолөнер пайда болды?
4. Неолит кезеңін басқаша қалай атайды? Неліктен?
5. Керамикалық ыдыстарды жасау процесі туралы айтып бер.
6. Тас дәуірінде адамның сыртқы келбетінде қандай өзгеріс-
тер болды? 31-суретке сүйеніп, сипатта.
7. Қандай ыдыс-аяқ қолайлы: керамикалық ыдыстар ма
немесе өсімдіктерден өрілген ыдыстар ма? Дәлелде.
8. Жаңа қолөнердің пайда болуымен адамдардың өмірі қалай
өзгерді?
9. Кестені толтырыңдар. Дәптерге жазыңдар.
Еңбектің түрі Еңбек құралдары Еңбек өнімі
(не шығарды)
Бұл қызық!
Киім – адамның ежелгі өнер табыстарының бірі. Адам-
дар алғашқы киім киген кезі – Мұз дәуірі болса керек.
Алғашқы киімдер жануарлардың терілерінен жасалған.
Жануарлардың терілері алдымен қазықтарға бекітіліп,
жуылып, құрғақ болған кезде кішірейіп қалмас үшін олар-
ды ағаш жақтауға мықтап тартқан. Содан кейін киім жасау
үшін теріні жұмсартып, жолақшаларға кескен.
59