Page 65 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 65
қарай олардың қоғамдағы билігі де күшейе түсті. Билеушілер
– тайпа көсемдері бөлініп шыға бастады.
Металдарды пайдалану дөңгелек ойлап табуға, дөңгелек-
ті көлік (арба) жасауға жетелеп әкелді. Бұл – Қола дәуірінің
соңында адамзат қол жеткізген аса көрнекті жетістіктің бірі.
Балта, айбалта, ара сияқты мыстан және қоладан құрал-
дар шығара бастады. Ағаштан үй салып, соқа, дөңгелектер
жасай бастады.
Қола дәуірінің адамдары шағын ауыл сала бастады, уақыт
өте келе олар бекіністі қалаға айналды.
Қола дәуірі – адамдар еңбек пен тұрмыс құралының бар-
лығына жуығын, қарудың да кейбір түрлерін мыс пен қа-
лайының қорытпасы – қоладан жасай бастаған дәуір.
Темір дәуірі – темірден жасалған еңбек құралдары
шыққан және қолданысқа енген дәуір.
Тайпа – бірнеше рулардың бірігуі.
Жеке меншіктілік – материалдық құндылықтарға жеке
иелік ету.
? 1. Металдар өңдіру дәуірі қандай кезеңдерге бөлінеді?
2. Адамдар металдарды қалай өңдей бастады? Оларға
қандай бақылаулар көмектесті?
3. Қажетті сөзді қойып шық.
Еңбек құралдары темірден жасалған – бұл дәуір … .
Еңбек құралдары қоладан жасалған – бұл дәуір … .
4. Б.д. д. 2-ші мыңжылдық кезеңінен б.д.д. VIII ғасыр аралығы
неліктен Қола дәуірі деп аталады?
5. Металды қолдану ежелгі адамдардың өмірін қалай өз-
гертті?
6. Рулық қатынастарда қандай өзгерістер болды?
7. Жеке меншік дегеніміз не? Түсіндіріңдер.
64
64