Page 69 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 69
да масағын мыс немесе қоладан жасалған орақпен қырқып
алып, дән үгіткіштен өткізіп ұн шығарды.
Андроновтықтар өмірінде мал шаруашылығы маңызды
рөл атқарды. Қола дәуірінің соңында климат қуаң тартып,
жауын-шашын азайды. Қазақстанның көптеген бөлігінде егін-
шілікпен айналысу қауіпті бола бастады. Сондықтан олар
бірте-бірте көшпелі мал шаруашылығына ауысты.
Андроновтықтар мүйізді ірі қара, түйе, қой мен жылқы
өсірді. Бақташылар малды жазда өзен маңындағы алқаптар-
да жайса, қыста арнайы қашаларда ұстады. Қыс айларында
малға берілетін азық пен шөпті олар жаз бойы дайындады.
Малдан сүт, ет, жүн, былғары және түрлі заттар жасала-
тын сүйек, тезек түріндегі отын алынды.
Сүт негізгі тағам болды. Одан дәмді сүзбе мен ірімшік жа-
салды. Азық-түлік табудың тағы бір қосымша тәсілі аң және
балық аулау еді.
37-сурет. Қола дәуірі кезінде жасалған бұйымдар
68
68