Page 68 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 68
36-сурет. Андроновтар. Реконструкция
осы аумақта 30-дан астам қоныс мекендері мен 150-ден
астам оба қорымдарды зерттеді.
Андроновтық қоныстар өзендер мен бұлақтардың жағасы-
на орналасты. Андроновтықтар өз қоныстарын айналдыра
терең шұңқыр лар қазды және таудай етіп топырақ үйді. Бұл
қонысты жыртқыштар мен дұшпан тайпалардың тұтқиыл ша-
буылынан қорғады.
Андроновтықтар ор мен дуалдың арғы жағында егістік пен
бақшаны жыртып, онда астық пен көкөністер өсірді.
Бұл негізі кетпенмен өңделген қарадүрсін егіншілік бо-
латын.
Андроновтықтар басы тастан немесе қоладан жасалған
кетпенмен өзен алабындағы жұмсақ жерлерді қопсытты. Со-
дан кейін олар бұл алқапқа астық дәнін септі. Жаздың соңын-
67