Page 70 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 70
Қазақтың жері – ежелгі металлургияның Отаны. Тіпті,
андроновтықтардың өзі металлург болатын. Олар мыс өн-
діретін кен орындарын игерді және металмен сонау шалғай-
дағы батысты қамтамасыз етіп отырды.
Мыс пен қоладан андроновтықтар еңбек құралдары мен
қару жасаған. Қазіргі кезге дейін біз сондай құралдарды қол-
данамыз. Олар қазан, орақ, балта, қанжар.
Ежелде қазақ даласын Мыс жолы көктеп өткенін білеміз.
Ол арқылы көпестер керуені өз тауарлары мен мыс бұй-
ымдарын тасығанын тарихшылар айтады. Көпестер андро-
новтықтар аумағынан өткенде мыс және қола бұйымдарын
сатып алатын. Мата мен өзге де тұрмыс заттарына айыр-
бастайтын. Содан кейін металл бұйымдарын шалғай өлке-
лерге апарып сататын.
Андронов мәдениеті кезінде өмір сүрген біздің бабалар
сурет салуды өте жақсы көрді. Олар адамдар мен аңдардың
38-сурет. Петроглифтер
69