Page 72 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 72

Қола дәуірінің соңында Орталық Қазақстанда тастан са-

        лынған көп бөлмелі үйлердің алаңы 500 шаршы метрге жет-
        ті. Бұл қола дәуірінің Еуразия даласындағы ең үлкен мекен-

        жайы. Мұндай үлкен үйлерде туыстардың бірнеше ұрпағынан
        түзілген үлкен рулас қауымның тұруы үшін қажет болды.
            Осының бәрі андроновтықтардың тұрмысы мен мәдени-
        еті, саудасы жақсы дамығанын көрсетеді.



          Андроновтық археологиялық мәдениет – Қола дәуірін-
          де Қазақстан және оңтүстік Сібір мен Орал аумақтарында

          тұрған халықтардың мәдениеті.
          Андроновтықтар – Андронов кезеңінің адамдары.
          Кен орындары немесе кен өңдеу  – кен шығаратын орын.

          Металлургия – бұйымдар дайындау үшін металды табу
          және өңдеу.
          Кетпен – жер өңдеу үшін қолданылған ежелгі құрал.

          Тезек – күнге кептірілген қи.
          Петроглифтер – тасқа салынған суреттер, бейнелер.




          ?        1.  Неліктен Қазақстанда  ең алғашқы Қола дәуірінің мәде ние -
                     тін Андронов мәдениеті деп атайды?
                   2. Алғашқы қауымдастықтағы егіншілік туралы әңгімеле.
                    3.  Андроновтықтар қандай жануарларды өсірді?
                   4. Адамдар жануарлардан қандай өнім алды?
                    5. Андроновтықтардың тұрғын үйіне сипаттама бер. 38-суретті
                     қолданыңыз.
                   6. Неліктен Қола дәуірінде көп бөлмелі үйлер салынды?
                   7. Қазақстанның қай аумақтарында андроновтар өмір сүрге-
                     нін картадан көрсет (35-сурет).












                                                                                       71
   67   68   69   70   71   72   73   74   75   76   77