Page 76 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 76
ЕЖЕЛГІ КӨШПЕЛІЛЕР ӨМІРІ
Бұл тақырыпта сен:
көшпелілер деген кім;
біздің арғы бабалар көшпелі өмір салтын неге
таңдап алды деген сұрақтарға жауап табасың.
Біздің еліміздің ежелгі тарихы – бұл Еділ мен Алтай-
дың арасындағы Ұлы даланы қола дәуірінде-ақ еншілеген
көшпелі тайпалардың тарихы. Осы жерде біздің бабалар
баспана салды, балық, аң аулады, астық өсіріп, үй жану-
арларын ұстады. Олар диқаншылықпен және мал бағумен
айналысты.
Жылқы ежелгі көшпелілердің ұзақ уақыт сенімді сері-
гі болды. Ол шаруашылық жүргізуге орасан зор септігін ти-
гізді. Жылқыға мінген адамдар алыс қашықтықты тез еңсерді,
41-сурет. Е. Ким «Көші-қон»
75