Page 80 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 80

Қазақстандағы ежелгі кен өңдеу орындарын археолог-

        тар тапты. Олар Кенді Алтай, Ертіс өзені мен Балқаш көлінің
        маңы, Жезқазған, Жетісу, Қаратау өңірдерінен табылды.
            Жерасты жолдарының тереңдігі он метрге дейін жететін
        ежелгі кен өңдеу орындары ор тәріздес болып көрінеді.

            Темірді  қолдану  ежелгі  адамдардың  тұрмыстық  өмірін
        жеңілдетті. Аң аулау, отбасын қорғау жеңілдеу болды. Бірақ
        негізгі еңбек-мал шаруашылығы болды.
            Малмен  бірге  шалғай  өрістерге  көшу,  өз  жерін  жаудан
        қорғау  үшін  де  адамдар  тығыз  қарым-қатынаста  болды.
        Олардың  арасында  алдымен  туыстық,  уақыт  өте  келе  ру-

        лық-тайпалық қатынас тар тіпті нығая түсті. Рулар тайпаға, ал
        тайпалар – тайпалық одаққа біріге бастады.











































                  44-сурет. Ежелгі кездегі пайдалы қазбалар орындары


                                                                                       79
   75   76   77   78   79   80   81   82   83   84   85