Page 83 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 83
Темір дәуірі – адамдар темірді өндіріп, кең пайдалана
бастаған кезеңі.
Кен орындары – кен шығаратын орын.
Аңыз – тарихи немесе ойдан шығарылған тұлға, оқиға ту-
ралы әдемі ертегі.
Эпос – халықтық батырлар жырының, ертегілердің, поэма-
лардың жалпы тақырыппен біріккен жинағы.
Бабаларға табыну – өмірде атақ-даңққа ие болған ру
көсемдерінің, қариялардың, жауынгерлердің рухын құрмет
тұту.
1. Көшпенділердің алғашқы тұрғын үйлері қалай аталды?
? 2. Киіз үй мен шатырдан кейін қандай тұрғын үй ойлап та-
былды?
3. Картадан ежелгі кен әзірлеу орындарын көрсет (44-сурет).
4. Көшпелілердің тұрғын үйі қандай қасиеттерге ие болуы
тиіс?
5. Көшпелілер балаларын қалай тәрбиеледі?
Сөйлемді жалғастыр:
Көшпенділердің балалары өздігінше болулары тиіс, …
6. Көшпелілердің халық ауыз әдебиеті жанрларын ата.
7. Ата-баба әруақтарына табыну дегеніміз не?
8. Көшпенділер табиғаттың қандай құбылыстары мен нысан-
дарын қасиетті деп санады? Неліктен?
9. Көшпелілер балаларын қалай тәрбиелегені туралы мә тін-
нен тауып, оқы.
10. Қалай ойлайсың, көшпелілердің қандай отбасылық
тәрбиесіндегі салт-дәстүрлері қазіргі уақытқа дейін сақ-
талған?
82
82