Page 82 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 82

Ежелгі көшпелілер аңыздардың, ертегілердің, эпостар-

        дың көмегімен әңгімені ұрпақтан ұрпаққа, бір тайпадан келе-
        сі тайпаға ұластырды.
            Біздің  бабалар  табиғатты  құрметтеген,  табиғи  құбылыс-

        тарға  табынған.  Отты,  аспанды,  кейбір  жануарларды  киелі
        деп санаған. Жануарлардың шағын бейнесін пәле-жаладан
        сақтайтын қорғаушы – бойтұмар ретінде пайдаланған.
            Аспан шырақтары – Күн, Ай және Жұлдыз – күнтізбенің
        негізі болды. Сол арқылы жайылымнан жайылымға көшетін

        уақытты анықтайтын, жол табатын.
            Уақыт өте келе қоғамдық дәстүрлі құндылықтар қалыптас-
        ты. Ол – қоршаған ортаға ұқыпты қарау. Ошақ басын сақтау-

        шы  әйел-ананы  сыйлау.  Шаңырақ  иесі  әкеге  табыну  деген
        міндетті жөн-жоралар еді.
            Көшпелілер  арасында  кең  тараған  діни  ұғымның  түрі  –
        әруаққа, бабалар рухына табыну болды.
            Балалар мен жастарды көшпелі өмір салтына сай тәрби-

        елеу тек қана тиімді сипатта өрбіді. Еңбекке, өз бетінше әре-
        кет етуге, дене төзімділігіне, салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа ерте
        баулу  –  тәрбиелеудің  негізі  саналды.  Жас  адамдар  өзара

        туыстас  үлкен  бір  қауымның  лайықты  мүшесі.  Олар  рудың
        мақтанышы және қорғаушысы болып өсуге тиіс еді. Тәрбие
        мәселесінде бабалардың даналық танытқаны халықтың ауы-
        збіршілігін сақтауға септігін тигізді. Соның арқасында көпте-
        ген дәстүрлер мен әдет-ғұрыптың осы күнге дейін сақталға-

        нын атап өту керек.



          Қыш – саз бен олардың минералды қоспаларынан иленіп,
          күйдірілген  материал.  Бұл  материалдан  керамикалық
          ыдыстар, құмыралар жасайды.

          Кен – құрамында металлдар және пайдалы элементтері
          бар пайдалы қазбалар.



                                                                                       81
   77   78   79   80   81   82   83   84   85   86   87