Page 79 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 79

ТЕМІР ДӘУІРІ. ЕЖЕЛГІ КӨШПЕЛІЛЕРДІҢ

                               МӘДЕНИЕТІ МЕН ТҰРМЫСЫ

                 Бұл тақырыпта сен:

                 біздің бабаларымыздың Темір дәуірінде немен
                 айналысқанын білетін боласың.

                 Бұдан  3  мың  –  2,5  мың  жыл  бұрын  Қазақстан  аумағын-
             дағы адамдардың өмірінде өте үлкен өзгерістер болды. Осы

             кезеңде олар мал шаруашылығына көшті. Қыш пен қоланы,
             мыс пен темірді кеңінен пайдалана бастады.
                 Б.д.д. VIII ғасырда Қазақстанды мекендеген көптеген тай-

             палар темір кенін ашты және оны кеңінен қолдана бастады.
             Темір  еңбек  құралдары  мен  қару  жасайтын  негізгі  металға
             айналды. Ол мыс пен қоладан төзімдірек болған соң  қолда-

             нысқа барған сайын ене берді.
                 Қару  және  еңбек  құралдарын  жасау  үшін  адамдар  қо-
             ламен қатар темірді пайдалана бастаған. Сондықтан біздің

             дәуірімізге дейінгі бұл ғасырлар Темір дәуірі деп аталады.


















                                       43-сурет. Уақыт таспасы


                 Шеберлер жебе мен найзаның ұштығын, ат әбзелдерінің
             жабдығын,  әшекейлерді,  айнаны  қоладан  құйды.  Қызды-

             рып соғу тәсілімен темірден пышақ, қанжар, семсер, сауыт
               жасады.



           78
            78
   74   75   76   77   78   79   80   81   82   83   84