Page 77 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 77

аң аулады. Жылқының етін жеп, қымызын ішті. Терісінен киім

             тікті, жалы мен құйрығының қылынан жіп жасап, арқан есті.
                 Қазақстанның  аумағында  Қола  дәуірінің  адамдары  егін-
             шілікпен шұғылдануды барған сайын азайтып, көшпелі мал

             шаруашылыққа ауыса бастады. Неге олай істеді? Ой жүгір-
             тейікші.
                 Қазақстанның  жері  кең  байтақ  және  бірнеше  мың  кило-
             метрге созылып жатыр емес пе? Шамамен, осыдан 4 мың
             жыл  бұрын  климат  өзгере  бастады.  Жауын-шашынның  аз-

             дығынан жердің көптеген бөлігі жартылай шөлейтке айнал-
             ды. Бұлақтар тартылып, өзендер құрғады. Егіншілікпен ай-
             налысу  қиындады,  әрі  тиімсіз  болды.  Сол  себептен  астық

             өсіруге жарамай қалды.
                 Сонымен қатар үй малының саны көбейді. Демек, жылқы
             мен  қойға  жайылымдық  жерлердің  қажеттігі  барған  сайын
             арта түсті. Малшылар үнемі мал жаятын жаңа жайылым із-
             деуге мәжбүр болды. Олар жазда шөбі мол болғандықтан

               Қазақстанның  солтүстік  аймағына  көшетін.  Өйткені  оңтүс-
             тікте  қатты  ыстықтан  шөп  күйіп  кететін.  Қыста  керісінше
             оңтүстік жылы болғандықтан, көшпелі ел бүкіл малымен бір-

             ге сол жаққа өздері де қоныс аударатын.
                 Олар бүкіл отбасымен, туыстарымен бірге көшетін. Өйт-
             кені шаруашылық бәріне ортақ болды. Жаңа мекенге көш-
             кенде мүлкін өгіз жегілген жүк арбасына тиеп, өздері атқа
             мінетін.  Көші-қон  кезінде  жығуы  да,  тігуі  де  оңай  болған-

             дықтан көшпелі ел шатырларда тұрды. Сөйтіп, Қола дәуірі-
             нен бастап малшылар бірте-бірте көшпелі өмір салтына
             ауыса бастады.



                Көшпелілер – көшпелі өмір салтын ұстанған адамдар.
                Көшпелі өмір салты – адамдардың бір жерден бір жер-
                ге көшіп, бір мекенде ұзақ уақыт тұрақтамауы.




           76
            76
   72   73   74   75   76   77   78   79   80   81   82