Page 86 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 86
САҚТАР – ҚҰДІРЕТТІ ЖАУЫНГЕРЛЕР
Бұл тақырыпта сен:
ежелгі Қазақстанның аумағында қандай тайпалар
тұрғанын білесің;
Томирис деген кім деген сұрақтарға жауап табасың.
Осы тақырыпта Қола және Темір дәуірінде Қазақстан
аумағында өмір сүрген тұр ғындар туралы айтайық. Біздің
дәуірімізге дейінгі VI–IV ғасырлардағы ежелгі қытай, грек және
иран жазбалық деректемелерінде сақтар туралы айтылады.
Тура осы кезде дала тұрғындары – сақтар туралы алғашқы
деректер кездеседі.
Сақтар – бұл кең байтақ Еуразия аумағын қоныс еткен
туыстас тайпалардың одағы.
Сақ тайпалары одағының басшылығында патшалар тұр-
ды. Патшалар одаққа кіретін тайпа көсемдерінің кеңесінде
сайланатын. Оны әскери кеңес десе де болады, өйткені бар-
лық көсемдер әскербасы еді.
Сақ қоғамы топтарға бөлінеді: абыздар, әскери басшы-
46-сурет. Сақтар аумағы
85