Page 90 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 90

Полиэн  атты  байырғы  автордың  әңгімесінде  осы  оқиға

          жайлы айтылған. Онда «Дарий бастаған парсылардың әске-
        рін сақтар шөл далаға алдап әкеліп, қыр ғынға ұшыратқан» –
        деп жазылған. Парсы әскерінің басым бөлігі шөлден қаталап
        опат болады, тек аздаған әскердің ғана еліне қайтуға шама-

        сы жетіпті.
            Сөйтіп  сақтар  өз  елімен  жерінің  бостандығын  ерлікпен
        сақтап қалды.


          Абыздар  –  мінәжат,  әдет-ғұрып  және  құрбан  шалу  рә-

          сімін  өткізуге  арнайы  машықтанған  адамдар.  Еркектер
          сияқ ты әйелдер де абыз бола алатын.
          Томирис – сақтардық патшайымы.


          ?       1. 47-суретті қолдана отырып, сақ қоғамының құрамы туралы
                    айтып бер.
                  2. Сақ қоғамында әскери басшылар қандай рөл атқарды?
                   3. Сақтардың кәсіптері мен шаруашылығы туралы әңгімеле.
                  4. Сақтардың өнердегі зергерлік стилі қалай аталады?
                  5. А.Дүзелхановтың  суретіне  қарап  Томирис  патшайымға
                    сипат тама бер (50-сурет). Қалай ойлайсың, Томирис патша-
                    йымның қандай мінез ерекшеліктері болған?
                  6. Томирис патшайым мен Кир патшаның әскери жорықтары
                    туралы әңгіме құрастыр.


        Бұл қызық!
                                    Шырақтың ерлігі

           Шырақ есімді бір қарапайым сақ өз халқын  парсылардың
           шабуылынан қорғаймын деген шешім қабылдады. Шырақ
           парсыларды  алдап  «Сендерді  ынғайлы,  қысқа  жолмен
           сақтардың мекендеріне апарам» деген уәде берді. Бірақ,
          .
           оларды әдейі адастырып, сусыз  шөл далаға апарды. Пар-
           сы патшасы Дарий өзінің алданғанын түсінгеннен кейін,
           Шырақты өлім жазасына кесті. Бірақ сол далада Дарий
           басқарған парсы әскердің жартысы қырылды. Сөйтіп қа-

           рапайым сақ өз халқын жаулардан құтқаруға көмектесті.



                                                                                       89
   85   86   87   88   89   90   91   92   93   94   95