Page 93 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 93
тын әскери жорықтарға да ерлермен қатарласып шығатын.
Қазір әйелдер мүрдесінен табылып жатқан көптеген қарулар
осыған дәлел бола алады.
Ежелгі деректемелерге сәйкес сарматтарда жауынгер-
әйелдердің жасағы болған. Олар үздік шабандоз, садақ
тартқанда аса мерген еді. Семсер мен найзаны да жақсы
игерді. Сармат әйелдері әскери өнерде ерлерден тіпті де
кем түспейтін. Бұл ат үстінде жүріп шайқасатын атты әйел-
жауынгерлер туралы көптеген аңыздар тудырды.
Сармат жауынгерлері қарумен жақсы жарақтанды: олар
шайқаста ұзын, тік семсерлерді немесе найзаларды қол-
данды. Найзаларының орташа ұзындығы шамамен 3 метрге
дейін жетті. Сол заманның өзінде сармат жауынгерлері темір
мен былғарыдан жасалған қару-жарақтарды пайдаланды.
Қорғаныш үшін сауыт, желке мен екі жақ сүйекті қаусыра көм-
керген темір дулыға киді. Еуропаға қару-жарақ асыну мәде-
ниетін тура осы сарматтар әкелген деп есептеледі.
Біздің дәуірдің IV ғасырының соңында сармат тайпала-
рында өзара қырқыс басталды. Бұл сарматтар одағын қатты
әлсіретті. Содан оларға ғұндардың жауынгер тайпалары ша-
буыл жасағанда, сарматтар лайықты тойтарыс бере алмады.
Сарматтардың бір бөлігі ғұндар империясының құрамына
енсе, қалғаны батысқа қарай жылжыды. Батыста, Еуропада
сарматтар бірнеше корольдықтар құрды.
Сарматтар – Қазақстан аумағында алғашқы мемлекет-
тердің бірін құрған ежелгі көшпелі ел.
? 1. Сармат мемлекетін картадан көрсет (51-сурет).
2. Сармат тайпалары тұрған аумақтарда қазір қандай мем-
лекеттер орналасқан?
3. Сармат жауынгері мен оның қаруы қандай болды?
4. Сармат мемлекетінің құрылымы туралы айтып бер.
92
92