Page 96 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 96

тайпалар  көсемдер  арқылы  басқарылды.  Бұлардың  билігі

        әкеден балаға берілетін.
            Үйсіндер мен қаңлылар жартылай көшпелі халық болатын.

        Олар мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналысты.
            Б.д.д. І ғасырда үлкен өзгерістер басталды. Үйсіндер мен
        қаңлылар жерлеріне алапат  күш –  ғұндар төніп келе жатты.
        Ғұн көшпелі тайпалары Қазақстан аймағына шығыстан ша-

        буыл  жасаған.  Ғұндар  шайқастарда  шыңдалған,  батыл  әрі
        тайсалмайтын жауынгер, кімге болса да құдіретті дұшпан еді.
            Ғұндар үйсіндерге тұтқиылдан шабуыл жасап, көшпе лілер

        арасында соғыс басталды.
            Сапында 10 мың атты әскері бар ғұндар үйсін елін құйын-
        дай көктеп өтіп, ауылдарды талқандады, мыңдаған адамды

        тұтқынға алды. Алайда өздеріне де оңай тимеді, қайтар кезін-
        де боранға ұрынып, бірен-сараны ғана еліне аман жетті.
































                        Аттылы жауынгер                            Жаяу жауынгер


                               55-сурет. Қаңлы жауынгерлері


                                                                                       95
   91   92   93   94   95   96   97   98   99   100   101