Page 98 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 98
ЕЖЕЛГІ ҒҰНДАР
Бұл тақырыпта сен:
ғұндар деген кім және олар қалай өмір сүрді;
тіпті Қытай империясының өзі олардан неге
қорықты деген сұрақтарға жауап табасың.
Ғұндар – аса құдіретті көшпелі халық еді. Олар б.д.д.
соңғы ғасырлар мен б.д. алғашқы ғасырларында өмір сүріп,
еліміз бен бүкіл әлем тарихында терең із қалдырды. Ғұндар
тек Қазақстан аумағын ғана емес, Азия мен Шығыс Еуропа-
ның бірнеше мемлекеттерін жаулап алып биледі, аса қуатты
империя құрды.
Ғұндар – бұлар бастапқы кезде солтүстік Қытай мен
Моңғолия аумағын мекендеген көшпелі тайпалардың одағы.
Бытыраңқы рулар біріккен соң ғұндар өздерінің әскери мем-
лекетін құрады.
Ғұндар 24 ұлысқа бөлінді. Әрбір ұлыстың өз жері және
жайылымы болды. Бірақ бәрі бір басшыға бағынды. Ғұн би-
56-сурет. а) Ғұн жауынгері ә) К. Ахметжан. «Атақты ғұн»
97