Page 102 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 102
ХАЛЫҚТАРДЫҢ ҰЛЫ КӨШІ-ҚОНЫ
Бұл тақырыпта сен:
ғұндардың ұлы мемлекеті неге қирады;
халықтардың ұлы қоныс аударуы не деген сұрақтарға
жауап табасың.
Біздің дәуірімізге дейінгі І ғасырдың ортасында ғұн-
дар мемлекеті оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді.
Оңтүстік ғұндар өз еркіндігінен айырылып, қытай билігінің та-
банына түсті.
Солтүстік ғұндар б.д.д. І ғасырдың соңында өз тәуел-
сіздігін сақтап қалу үшін батысқа қарай жылжыды. Ғұн-
дар қаңлылардың жеріне дейін жетіп, Оңтүстік Қазақстан-
да олармен бейбіт келісімге тұрды және Талас өзенінен
шығысқа қарай көшіп-қонуға мүмкіндік алды.
Ғұндардың Арал бойына келуі жергілікті тайпаларды одан
әрі батысқа қарай, Каспий жағалауына ығысуға мәжбүрледі.
Біраз уақыт өткен соң ғұндар тайпалары мен халықтар-
дың бірінен соң бірін жаулап алып, одан әрі батысқа жылжы-
ды. Қарсыласқандарды қырып салды. Өзгелерін бағынышты
қылып, Ғұн империясының құрамына қосып алды. Біздің за-
манымыздың ІV ғасырға қарай ғұндар Дон өзеніне дейін жет-
ті. Олар Еуразияның кең байтақ аумағын бағындырды. Содан
кейін ары қарай жылжып, қазіргі Венгрия аумағына тұрақта-
ды. Ғұндар шексіз кең жерді бағындырып, көптеген тайпалар
мен халықтарды өз билігіне көндірді. Жаулап алған жерінде
қуатты империя құрды.
Түрлі тілді тайпалар мен халықтардың тарихтағы осынау
аса күрделі жорығы халықтардың ұлы қоныс аударуы деп
аталады. Ғұн тайпаларының шығыстан батысқа қарай б.д.д.
ІІ ғасырда басталған қозғалысы б.д. ІV ғасырына дейін
созылды.
101