Page 105 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 105

ЕРТЕДЕГІ ТАЙПАЛАРДЫҢ

                              МӘДЕНИЕТІ МЕН ТҰРМЫСЫ


                 Бұл тақырыпта сен:
                 қорғандар дегеніміз не;
                 кейбір қорғандарды неге «мұртты» деп атайды

                 деген сұрақтарға жауап табасың.

                 Қазақстанның  аумағында  тұрған  сақтар  мен  сарматтар
             және басқа тайпалар артына көптеген археологиялық ескерт-

             кіштер  қалдырды.  Мұндай  ескерткіштер  бүкіл  Қазақстан
               бо йынша кездеседі. Олар әсіресе, өзен жағалаулары мен тау
             бөктерінде көп орналасқан.
                 Қорғандардан, тұрақ орындары мен көне қалалар қазба-

             сынан  табылған  артефактілер  бойынша  археологтар  мен
             тарихшылар  ежелгі  Қазақстанды  әртүрлі  көшпелі  тайпа-
             лар  мекендегенін  анықтады.  Археологиялық  зерттеулер

             барлық тайпалардың тұрмыс қалпы шамамен біркелкі. Со-
             нымен қатар әдет-ғұрпы мен наным-сенімі де ортақ болғанын
             анықтауға мүмкіндік берді.

                 Сақтар мен сарматтардың қалай өмір сүргені туралы бәрі-
             нен де мол мәліметті біз ежелгі көмбе – қорғандарды қазған
             кезде  алдық.  Сол  кездегі  халықтарда  қайтыс  болғандарды

             қорғанға жерлеу салты болды. Жай адамдар үшін қарапай-
             ымдау әрі шағын, танымал адамдар үшін – ірі, көп бөлмелі
             қорғандар салынды. Оған марқұммен бірге еңбек құралдары,
             қаруы, әшекейлері, киімі, жылқылары, ат әбзелдері қойылды.

             Осының бәрі оған ана дүниеде де керек болады деп есеп-
             телді. Ерекше көз тартатын үлкен қорғандар сақ патшалары
             үшін салынды.

                 Есік қорғаны – біздің заманымызға дейін жеткен аса көрне-
             кті ескерткіштің бірі болып саналады. Ол Қазақстан аумағын-




           104
           104
   100   101   102   103   104   105   106   107   108   109   110