Page 108 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 108
64-сурет. Қазақстан аумағандағы қорғандар
«Алтын адам» Қазақстан тәуелсіздігінің символына ай-
налды. Ол Алматы қаласындағы Республика алаңына орна-
тылған тәуелсіздік монументінде бейнеленген.
Есік қорғанынан басқа Шілікті алқабына шоғырланған
үлкен қорғандар, Берел қорымдары, Бесшатыр қорғаны бел-
гілі. Мысалы тек қана Шілікті алқабында 51 қорған бар. Олар-
дың ең ірісінің диаметрі 100 метрге, биіктігі 10 метрге дейін
жетеді.
Кейбір қорғандарда шекілген ру тамғасы бар.
Қорғандарды қазған кезде ақинақ-қанжарлар, қола ұштық-
ты жебелер, темір пышақтар, шаш қа арналған түйреуіш, ақық
моншақтар табылған.
Павлодар облысының Тас мола деген жеріндегі қорғандар
өзгеше көрінеді. Сондықтан Орталық Қазақстандағы бар-
лық қорғандар тас мола мәдениеті деген атау алған. «Мұрт-
107