Page 107 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 107

да б.д.д. V–ІV ғ.ғ. қоныстанған сақ тайпаларының тарихы мен

             мәдениеті туралы түсінік береді.
                 Алматы  облысының  Есік  қаласына  жақын  маңда  орна-

             ласқан орасан зор қорғанды қазуға қазақ археологтары 1969
             жылы К.Ақышевтың басшылығымен кірісті.
                 Өзге  қорғандар  ерте  заманда-ақ  тоналған.  Алайда  осы
             қорғанды тонаушылар байқамапты. Онда жас адам жерлен-

             ген екен. Оны қазір «Алтын адам» деп атайды.
                 Өйткені одан археологтар төрт мыңнан астам алтын өнім-
             дерін тапты. Оның ішінде сырт киімін, бас киімін, аяқ киімін

             әшекейлеген бұйымдары, жүзіктер, мү сіншелер тапты. Жер-
             де ағаштан, балшықтан, қола мен күмістен жасалған ыдыс-
             тар тұрды. Жерленген жауынгер дің бір замандағы салтанат-
             ты  қару-жарағын  сәндеген  бұйым дардың  ор наласуы,  темір

                                                  семсер  мен  қанжардың  қал-
                                                  дығы  тынымсыз  еңбектенудің
                                                  нәтижесінде  зерттеушілерге  –

                                                  ғы лымда ең алғаш рет – сақ жа-
                                                  уынгерінің  келбетін  жаңғыртуға
                                                  мүмкіндік берді.
                                                        Есік  қорғанын  қазу  кезінде

                                                  сансыз көп бұйымдар мен ыдыс-
                                                  тар  табылды.  Барлығы  31  бұй-
                                                  ым  табылса,  оның  ішінде  жұм-

                                                  бақ жазуы бар күміс табақша да
                                                  жүрді. Табақшаның сыртқы бетін-
                                                  де 2 қатарда 26 таңба жазылып-

                                                  ты.  Бұл  жазуды  белгілі  түркіта-
                                                  нушы-ғалым  Алтай  Аманжолов
                                                  оқыды: «Бауырым, бұл ошақ сен

                63-сурет. Есік қорғанында         үшін! Жат жерлік, тізеңді бүк! Ха-
                  табылған Алтын Адам             лыққа молшылық бола берсін!».


           106
           106
   102   103   104   105   106   107   108   109   110   111   112