Page 100 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 100
да Шығыс Түркістанға дейінгі кеңістікте орасан зор көшпелі
империя құрды.
Ғұндар Қытаймен 300 жылдан астам уақыт соғысты. Мөде
қытай әскерін бірнеше шайқаста жеңіп, оларды жыл сайын жі-
бек мата, күріш және әшекейлер түрінде алым-салық төлеу ге
мәжбүрледі.
Мөде б.д.д. 174 жылы қайтыс болды. Оның ізбасарлары
да ғұндардың даңқын арттыра түсті. Қытайдың Цинь мем-
лекетінің билеушілері ғұндардан қорғану үшін Ұлы Қытай
қорғанын сала бастады. Бекіністің қабырғалары 5 мың ша-
қырымға созылды. Биіктігі 6,6 метрден 10 метрге дейін жетті.
Әрбір 60-100 метрден кейін күзет мұнарасы көтерілді.
Бірақ мұндай қорғаныста қытайларды ғұн жауынгерлері-
нен құтқара алмады. Ғұндар Қытай жерлеріне тағы да бірне-
ше рет шабуыл жасап, оларға салық төлеткізді.
Біздің дәуіріміздің І ғасырында Ғұндар империясы толас-
сыз соғыстар мен өзара ішкі тартыстың нәтижесінде мүл-
дем әлсіреді. Ақырында, ғұн мемлекеті оңтүстік ғұндар және
солтүстік ғұндар тобына бөлінді.
58-сурет. Ғұндардың әскери жорықтары
99