Page 97 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 97
Екі ел де ойсырай шашылып, өте әлсіреді. Бірнеше жыл
астық шықпай, малдың жұтқа ұшырауы да қарапайым көшпе-
лілер өмірін тіпті қиындата түсті.
Үйсіндер мен қаңлылар соғыс ойранынан кейін де бі-
раз уақыт өмір сүріп, кейін басқа мемлекеттердің құрамына
қосылды.
Жұт – азық тапшылығынан малдың жаппай қырылуы.
? 1. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, көшіріп жаз:
Үйсіндер … аумағында өмір сүрген. Үйсіндердің астанасы
... болды. Сырдария жағасында ... өмір сүрген. Қаңлылар-
дың астанасы ... қаласы болды.
Анықтамалық сөздер: Жетісу, Чигучэн, қаңлы,Битянь.
2. Суретке сүйеніп, үйсіндердің шаруашылығы туралы айтып
бер. (54-сурет)
3. Үйсіндер мен қаңлылардың аумақтары сауда жолында
орналасуының арқасында, олар қандай мүмкіндіктерге ие
болды деп ойлайсың?
4. Қытай дереккөзі Қаңлы қалаларын қалай сипаттайды? Оны
мәтіннен тауып, оқы.
5. Қаңлы қоғамы қалай ұйымдастырылған?
6. 55-суреттегі жаяу жауынгерді төмендегі жоспар бойынша
сипатта.
1) Бас киім.
2) Киім.
3) Аяқ-киім.
4) Қару
7. Аттылы жауынгердің суретін қара. ( 55-сурет) Қалай ойлай-
сың, қаңлыларда қандай колөнерлері дамыған?
96
96