Page 99 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 99

леушісін шаньюй деп атайтын. Ол шексіз билікті иемденді.

             Алғашқы атақты шаньюй – Мөде хан болатын. Билеушіден
             кейін түменбасы деп аталатын шонжарлар легі жүрді. Бұлар

             шаньюйдің  ұлдары,  кіші  бауырлары  немесе  туыстары  еді.
             Әрбір  түменбасының  10  000  жауынгері  болды.  Мыңбасы,
             жүзбасы  және  онбасы  деп  аталатын  әскер  басшыларын
             түменбасы тағайындады.




                                               Шаньюй –
                                         Ғұндардың билеушісі.



                                         Түменбасы – 10 000
                                       жауынгердің басшысы.




                   Мыңбасы – 1000                                   Жүзбасы – 100
                жауынгердің басшысы.                            жауынгердің басшысы.




                                      Онбасы – 10 жауынгердің
                                               басшысы.



                                    57-сурет. Ғұн әскерінің құрамы




                 Әскери машыққа төселу үшін әрбір жауынгердің тұрақты
             жаттығуы, жебесі мен садағы, қылышы мен найзасы міндет-

             ті  болды.  Әскердің  өзі  –  сол  қанат,  орталық  және  оң  қанат
             бөлімдерден құрылған.
                 Мөде  хан  ғұндардың  арасында  айрықша  құдіретке  ие
             болды. Осы кезде мемлекет халқы 300 мың адамға жетті.

             Ол ұлыс әскерін жаңғыртып, ғұндардың мемлекетін әлем-
             дегі аса қуатты империяға айналдырды. Мөде жаңа жер-

             лерді басып алды. Шығысында Кореядан бастап, батысын-


           98
            98
   94   95   96   97   98   99   100   101   102   103   104