Page 92 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 92
52-сурет. Жауынгер-әйел
Еділ бойына, Қара теңіздің жағалауына дейін жылжи орнала-
сты. Сарматтар күшті әрі төзімді жауынгерлер еді. Олар көп-
теген елдерді жаулап алып, Солтүстік Африкаға дейін жетті.
Олардың мемлекеті қазіргі Қазақстан, Украина мен Ресейдің
жер бөліктерін алып жатты.
Сарматтар мемлекеті жүздеген жылдар бойы өмір сүрді.
Б.д.д. V–IV ғасырларда бұл біртұтас мемлекет болатын. Ке йін
олар жекелеген сарматтық одақтарға ыдырады. Тарихшылар
сарматтардың одағы бай болды деп есептейді, өйткені сауда
керуендері Азиядан Еуропаға солар арқылы өтетін.
Сарматтар қоғамында барлығы тең құқылы болды.
Қауымның барлық мәселесін ру, тайпа мүшелерімен бірлесіп,
қариялар мен көсемдер шешетін. Тайпаны басқаруға сар-
мат әйелдері белсене араласты. Олар аңшылық жасай ала-
91