Page 89 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 89

50-сурет. А. Дүзелханов «Томирис»


              сұмдық  жеңілісті  парсыларға  жеткізетін  бір  жаушы  да  қал-
              майды. Кирдің кесіп алынған басын қан толтырылған меске
              батыруға бұйрық береді де: «Қан тілеп келген едің ғой, пар-

              сылардың  Патшасы!  Ал  енді  соны  тойғаныңша  іш!»  дейді
              патшайым Томирис.
                  Томирис патшайым ұзақ жылдар бойы халқы бостандығы-
              ның символы болды.

                  Парсы  патшасы  Кирдің  жеңілісі  парсылардың  сақтарды
              бағындырып,  өз  жерінің  аумағын  кеңейтсем  деген  ниетіне
              тоқтам сала алмады. Б.д.д. 518 жылы парсылардың Дарий

              патшасы көптеген мың әскер жинап, тағы да сақтарға қарсы
              жорыққа шықты. Дарийдің өздеріне қарсы келе жатқанын біл-
              ген сақтар парсыларды ішкері далаға жетелеп, әдейі шегіне

              түсті. Оларды қуа-қуа парсылардың әскері ұзақ уақыт бойы
              кең далада босқа сандалып, күшін әлсіретті.



           88
            88
   84   85   86   87   88   89   90   91   92   93   94