Page 64 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 64

қайда жеңіл. Олар мыс балқытуды және оны пайдаға жа-

        ратуды үйренді. Мыс әсіресе, егіншілік құралдарын жасау
        үшін қолданылды.

            Мыстан жасалған алғашқы бұйымдар пайда бола баста-
        ғанда  тас  технологиясының  айтарлықтай  дамыған  кезі  еді.
        Мыс – әдемі металл. Егер оны тазалап ысып жылтыратса,
        үсті  жалт-жұлт  еткен  қоңырлау  қызғылт  сары  түске  енеді.

        Мыс әшекейлер мен сән-салтанатқа лайық заттарды жасау
        үшін жиі қолданылатын болды.
            Кейінірек  біздің  бабаларымыз  екі  металды:  қалайы  мен

        мысты араластырды, сөйтіп қоланы түзіп алды. Қола тас пен
        мыстан әлдеқайда берік шықты. Бұл жаңа жетістіктерге жол
        салды,  сөйтіп  Қола  дәуірі  басталды.  Қола  дәуірі  б.д.д.  2-1

        мың жылдықты қамтиды.
            Қола дәуірінде қазақстандық кеңістікте қоныстанған тай-
        палар рулық-тайпалық қатынас жағдайында өмір сүрді.

            Рулық-тайпалық  қатынас  –  бұл  рулық  қауымның  тай-
        паға бірігуі. Тайпада шамамен 200 адамға дейін болды.
            Бірақ  қола  дәуірінде  адамдар  арасындағы  рулық-тайпа-
        лық қатынас өзгере бастады.

            Мал шаруашылығы мен металлургияның жылдам әрі кеңі-
        нен дамығаны ер адамның еңбегін көбірек қажет етті. Сон-
        дықтан еркектің қоғамдағы орны күрт жоғарылады.

            Адамдар мал мен еңбек құралдарын «сенікі және менікі»
        деп  бөле  бастады.  Туыстар  арасында  малды  бөліске  салу
        жеке меншік пайда болуына әкеп тіреді.

            Жеке меншік – адамның бір нәрсеге бір өзі ие болады, қо-
        жалық жасайды, пайдаланады, айырбастай алады.
            Қауым  мүшелері  арасында  бай  адамдар  пайда  бола

        бастады. Олардың жеке меншігінде малы болды, ал жер қа-
        уымдық меншікте қалды. Жекелеген отбасылардың баюына




                                                                                       63
   59   60   61   62   63   64   65   66   67   68   69