Page 62 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 62
ҚОЛА ДӘУІРІ
Бұл тақырыпта сен:
дәуірлер неге Темір және Қола дәуірі деп аталды?
алғашқы бай және кедей адамдар қалай пайда болды?
деген сұрақтарға жауап табасың.
Тас дәуірінің соңында адамдар тау кеніне кезікті де оны
қазып алып, металл шығару үшін өңдей бастады. Енді олар-
дың еңбек және аңшылық құралдарын металдан жасайтын
уақыты келді.
Ежелгі адамдар әуелі мысты, одан кейін қоланы, содан
кейін ғана темір балқытуды үйренді. Сондықтан металдар өң-
деу кезеңдері осылайша: Қола дәуірі және Темір дәуірі деп
бөлінеді. Алғаш адамдар мыс тауып, оны қолдана бастады.
Кейінірек мыспен қалайының қорытпасынан қола шығарды.
Қола дәуірінде адамдар еңбек пен тұрмысқа қажетті құрал-
дарды, қарудың да кейбір түрлерін, мыспен қатар қоланы
кеңінен қолданды.
Темір дәуірі дегеніміз адамдар темір өндіруді үйренген
және одан еңбекке, тұрмысқа қажетті құралдар мен қару жа-
сай бастаған кезең.
32-сурет. Уақыт таспасы
Ежелгі адамдар кейбір тастардың жарылмайтынын аң-
ғара бастады. Ал оны қаттырақ ұрса, осы бір тасқа ұқ сас
61