Page 59 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 59
31-сурет. Адамның эволюциясы
болды. Адамның бойы мен салмағы өсті, қолдары қысқарды,
енді оған сүйену де қажет емес еді. Қолының бас бармағы
бөлектенді. Бір-бірімен қатынаста өзара түсінісетін алғашқы
сөз пайда болды.
Адамға көп нәрсені үйренуге тура келді. Сынап көру және
қателесу арқылы ол өзін және қоршаған әлемді танып-біле
бастады. Кеңістік ауқымы арта түсті, қонысын кеңейтіп жаңа
жерлерді игерді.
Иіру – адам ойлап тапқан ең көне қолөнер кәсібінің бірі.
Малдың жүнінен немесе майлы өсімдіктер талшығынан
жіп иіріп (жасап) шығару.
Тоқу – тоқыма станогында мата өндіру, адамның ең ежел-
гі қолөнерінің бірі.
Кен – құрамында металлдар және пайдалы элементтері
бар пайдалы қазбалар.
Өндіруші еңбек – адамның заттар мен бұйымдарды
өңдіруші үшін еңбегі.
58
58