Page 32 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 32

аумағында ірі тайпалық одақтар пайда болды. Олар: сақтар,

        үйсіндер,  қаңлылар,  ғұңдар.  Тарихшылар  олардың  өсіп-өр-
        легені туралы сипаттап жазады. Қазақ тарихының осы кезеңі

        жазбаша деректемелерде де бейнеленген.
            Орта  ғасырлар  тарихы  –  бұл  біздің  дәуіріміздің  500
        жылынан басталып, шамамен 1500 жылға дейін созылады.
        Шамамен  1000  жылға  жуық  кезеңді  қамтиды.  Осы  уақытта

        мүлдем  жаңа  мемлекеттер  құрылады,  адамдардың  мәде-
        ниеті мен тұрмысы қатты өзгеріп, жаңа Ислам діні пайда бо-
        лады. Сауда күрт дамиды, соның арқасында мәдениет, өнер,

        тұрмыс,  еңбек  және  аңшылық  құралдарының  жетілуі  тіпті
        жеделдей  түседі.  Қазақстан  аумағында  Отырар,   Түркістан,
        Тараз,  Сығанақ  сияқты  қалалар  салынып  көркейеді.  Қожа

        Ахмет  Яссауи,  Арыстан  Баб  кесенелері  бой  көтерді.  Бүкіл
        әлем оларға күні бүгінге дейін тамсана қарайды, зерделеуге
          ынтығады.

            Жаңа тарих кезеңі – ХVІ ғасыр жылдарынан басталып,
        ХХ ғасырға дейін  созылады. Бұл кезең Қазақ хандығының
        құрылған  уақыты  болып  саналады.  Көптеген  тарихи  оқиға-
        лар, соғыстар және ғылыми жаңалықтар болды. Осы кезде

        Қазақ жері Ресейге қосылды.
            Қазіргі заман тарихы – бұл ХХ ғасырдан басталған біз дің
        уақыттың тарихы. Қазақстан 15 республикалармен Кеңістік

        Социалистік Республикалар Одағына енген жылдар. Кейін,
        1991 жылы, Қазақстан тәуелсіз мемлекет атанды.
            Біз  қазір  осы  заманғы  тәуелсіз  Қазақстанда  өмір  сүру-

        деміз. Алайда, біздің бүкіл тарихымыз өзге де мемлекеттер
        мен  халықтардың  тарихымен  тығыз  байланысты.  Өйткені
        Қазақстан – үлкен әлемнің бір бөлшегі.









                                                                                       31
   27   28   29   30   31   32   33   34   35   36   37