Page 31 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 31
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХИ КЕЗЕҢДЕРІ
Бұл тақырыпта сен:
тарихи кезеңдер деген не?
Қазақстан тарихы қандай кезеңдерге бөлінеді
деген сұрақтарға жауап табасың.
Тарихи кезеңдер – деген не? Бұл – адамдардың тұрмы-
сына, мәдениетіне, тіпті бет бейнесіне түгелдей әсер еткен
айтарлықтай уақыттың аралығы.
Қазақстан тарихын 5 үлкен дәуірге бөліп қарастырамыз.
Олар: Алғашқы қауымдық тарих, Ежелгі дүние тарихы, Орта
ғасырлар тарихы, Жаңа заман тарихы және Қазіргі заман
тарихы.
Алғашқы қауымдық тарихы – Қазақстан аумағында пай-
да болған ең алғашқы адамдардың тарихы.
Ежелгі дүние тарихы – Қазақстан аумағында ірі елді
мекендер мен қалалар пайда болған кезден басталады. Ол
адамдар өміріндегі аса маңыз ды өзгерістер болатын. Сон-
дықтан тарихтың бұл кезеңін тарихшылар жеке бөліп қара-
стыруды ұйғарған. Осы кезең біздің дәуіріміздің басына де-
йінгі уақыттан басталып, шамамен біздің дәуіріміздің IV–V
ғасырында аяқталды. Уақыттың осы кезеңінде Қазақстан
14-сурет. Уақыт таспасы
30
30