Page 26 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 26

Алайда,  барлық  халықтарда  Жаңа  жыл  әртүрлі  кезде
          басталған екен. Қазақтар және басқа да шығыс халықтары
          жылды 22 наурыз дағы – Наурыз мейрамынан бастаған. Ал
          диқаншы халықтар жылды егінді жинау, қарсаңында қыр-
          күйектің 1-інен бастаған екен.

             Әр халық өзінің күнтізбесін жасаған. Алғашқы күнтізбе
          Ежелгі Египетте ойлап табылған. Египеттіктер бір жылда
          365 күн болатынын есептеп шығарып, оларды 12 айға бөл-

          ген. Аптадағы әрбір күннің, әрбір айдың өз атауы болған.
             Қазақтарда  12  жылдық  күнтізбе  болған  және  оның  әр
          жылы қандай да бір жануармен нышандалған. Жыл санау
          тышқан жылынан басталып, одан әрі сиыр, барыс, қоян,

          айдаһар,  жылан,  жылқы,  қой,  маймыл,  тауық,  ит  және
          доңыз болып жалғаса береді. Содан кейін тышқан жылы
          қайта  келеді.  Қазақтар  адамның  жасын  да  12  жылдық

            цикл мен  есептеген.

































                               11-сурет. 12 жылдық күнтізбе



                                                                                       25
   21   22   23   24   25   26   27   28   29   30   31