Page 21 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 21
Археология – ерте заман туралы ғылым, ол табылған
заттардың тарихын зерделейді.
Археолог – қазба кезінде табылған заттар бойынша та-
рихты зерделейтін ғалым.
Тарихи деректемелер бізге сонау ертедегі заман және
күні кешегі сәттер туралы мәлімет береді, әрі өткен уақыт
оқиғаларының көрінісін жаңғыртуға көмектеседі.
1. Қазба жұмыстарымен кім айналысады?
? 2. Археологтар тарихи деректемелерді неге іздейді, неге зер-
делейді?
3. Тарихи дереккөздер қандай болады? Әңгіме құрастыр.
4. Сөйлемді жалғастыр.
Археологтар қазба кезінде ... табады.
5. Ауызша тарихи деректемелерді атап айт.
6. Кестені толтыр. Бұлардың қандай тарихи деректемеге
жататынын анықтап, жаз.
Анықтамалық сөздер: мәтелдер, тастағы жазулар, еңбек
құралы, ғимарат, әндер, әшекей бұйым.
Тарихи деректемелер
Заттай Жазбаша Ауызша
Бұл қызық!
Архивтерде ескі қолжазбалар, қалалардың жоспары, та-
нымал адамдардың хаттары, мемлекет басшылары ара-
сындағы келісім шарттар және өткен тарихтың аса баға-
лы куәліктері бар. Архивтерге тек ғалымдар бара алады.
Құжаттар мен заттық деректемелерді зерттей отырып, ға-
лымдар тарихи оқиғаларды жаңғыртады.
«Мұражай» сөзі гректің «муза» – өнер храмы деген сө зі-
нен шыққан. Мұражайға қалаған адамның бәрі бара алады.
Тарихи деректемелер мұнда арнайы орналастырылады.
20
20