Page 17 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 17
ры мен аңшы қарулардың сынығы, ден қоярлық заттар, ме-
кендер мен мүрделер қалдығы, суреттер.
Ежелгі адамдар өмірінің осынау болмашы «ізін» табу да
оңай емес. Егер үйдегі жиһазды бірнеше күн сүртпесе, бетіне
жұ қалау шаң-тозаң қонады. Ал мың жылда осы тозаңмен бір-
ге түскен топырақ пен құмның қабаты қалыңдап, кейде бәрі
су астында қалады. Көнеден қалған дүниенің үстін қалың
шөп пен орман басты, кей жерлерге тұтастай қала мен ауыл
салынып кетті.
Сондықтан адамзаттың осындай «ізі» арнайы іздестіріліп,
қазылады. Ғалымдар алдымен сонау ертедегі адамдардың
тұрған жерін анықтайды. Одан кейін қазба жұмыстары жүр-
гізіліп, жер астынан көне заман адамдарының ізі сақталған
заттар және олардың сүйегі қазылады.
Қазбамен айналысатын мұндай тарихшыларды ар-хе-о-
лог-тар дейді. Өйткені табылған заттардың тарихын зерде-
лейтін ерте заман туралы ғылым ар-хе-о-ло-гия деп атала-
ды. Біздің ежелгі бабаларымыз қолданған заттарды архео-
логтар жер қабаты астынан табады. Олар мұны зерттейді,
көне заманның қай кезінде пайдаға жарағанын, онымен не
істелгенін анықтайды.
Дегенмен, бізге бабаларымыздан қалған мұра тек заттар-
мен шектелмейді. Кейінірек, адамдар сөйлеп үйренген соң
өз балаларына қалай аңшылық еткенін, қалай соғысқанын,
не көріп, не тапқанын айта бастаған. Бұл әңгімелер ұрпақтан
ұрпаққа ауысып, аңызға, хикаяларға, ертегілерге айналған.
Техниканың дамуы тарихи деректемелердің жаңа түрле-
рін – фото және киноқұжаттар, жазбалар, дыбысжазбалары
мен бейнежазбалар жасауға қол жеткізді.
Біздің ежелгі бабалардан, өткен ұрпақтан қалғанның бар-
лығын тарихшылар деректемелер деп атайды.
Тарихи деректемелер бізге сонау өткен замандағы оқиға-
лар туралы мәлімет береді. Әрі өткен уақыт оқиғаларының
көрінісін жаңғыртуға көмектеседі.
16
16