Page 15 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 15

5-сурет. Геродот

                 Ең  алғаш  тарихи  оқиғаларды  жинақтап  жазған  Геродот.

             Сондықтан Геродотты алғашқы тарихшы немесе «тарихтың
             атасы» дейді.
                 Әрбір  елдегі  дәстүр  мен  құндылықтардың,  мәдениет
             пен  тұрмыстың  әртүрлі  екенін  біз  тарихшылардың  еңбегі
             арқылы білеміз.


                 Тарих – бұл адамдардың өткен өмірі туралы ғылым.
                 Тарихшы – бұл тарихты зерделейтін ғалым.

                 Тарихи оқиғалар – бұл адамдар өмірін өзгерткен
                 маңызды құбылыстар, оқиғалар, шындықтар.


               ?       1. Адамдардың өткен өмірі туралы ғылым не деп аталады?
                       2. Тарихшы-ғалымдар нені зерделейді?
                       3. Геродот деген кім?
                        4. Төмендегі қай сөйлемде тарихи оқиғалар, қай сөйлемде жеке
                         адам туралы айтылатынын  анықта:
                          • Мақсат қараңғы түнгі орманда жалғыз қалды. Ол қатты қо-
                         рықты.
                          • 1991 жылы Қазақстан тәуелсіз мемлекет болды.
                       5. Адамдар тарихты не үшін зерделейді?


           14
            14
   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20