Page 25 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 25
Ғасыр – 100 жыл.
Мыңжылдық – 1000 жыл.
Тарихи дәуірлер және тарихи кезеңдер – бұл уақыттың
ортақ белгілерімен сипаттайтын ұзақ бөлігі.
? 1. Тарихта 100 жыл қалай аталады? 1000 жыл қалай аталады?
2. Тарихи дәуір дегеніміз не?
3. Ғасырды анықта: 1274 ж.; 2015 ж.; 227 ж.; 76 ж.
4. Жылдарды ретімен қойып шық: 372 ж., 74 б.д. жыл, 1374
б.д. жыл, 1272 ж.
5. Біз қай ғасырда өмір сүріп жатырмыз, анықта.
6. Уақыт таспасында біздің дәуірімізге дейінгі 200-ші
жыл ды көрсет. Енді біздің дәуіріміздің 200-ші жылын көр-
сет. Аралығында қанша уақыт өтті?
10-сурет. Уақыт таспасы
7. Төменде сипатталған оқиғалар қай ғасырда болғанын
анықта:
1) 1991 жылғы желтоқсаннан бастап Қазақстан Рес пуб-
ликасы тәуелсіз мемлекет болды.
2) 2017 жылы Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесі
елі міздің астанасында өтті.
Бұл қызық!
Әртүрлі халықтар өз күнтізбесінің басын түрліше есепте-
ген. Қазіргі біздің күнтізбенің әрбір жылы қаңтардың 1-інен
басталады. Жаңа жыл мейрамын бәріміз жақсы көреміз.
24
24