Page 7 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 7
Біздің еліміздің қандай сынақ пен қиындықты, жеңіс пен
қуанышты өткергенін білген абзал.
Бұл оқулықтың бөлімдері арқылы біз Қазақстан тарихына
саяхат жасаймыз. Ерте кездегі оқиғалармен танысамыз.
Машина тіпті екі доңғалықты арба әлі ойлап табылмаған
заманда адамдардың қалай өмір сүргенін білетін боламыз.
Мүмкін сіздердің біріңіз үшін бұл кітап тарихи олжа мен
жаңалыққа бастар жолдағы алғашқы қадам шығар. Өйткені
адамзат тарихында сіздің шешіміңізді күткен жұмбақтар тіпті
әлі де көп.
Қадірлі оқушылар, Қазақстан тарихына саяхат жасау
барысында сіздерге сәттілік серік болсын!
6 6