Page 128 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 128

Бұл қызық


                              «Ақсақ құлан» күйі туралы аңыз


                   «Ақсақ  құлан»  күйі  халықтық  болып  саналады  және

               13  ғасырға  жатады.  Күй  Шыңғысханның  сүйікті  ұлы
               Жошының  аңшылық  кезінде  қалай  қайтыс  болғаны
               туралы баяндайды.
                   Қыпшақ даласында Жошы хан жабайы құландарды ау-

               лап жүріп, садақ атуға беріліп кеткені соншалық, қалған-
               дардан  алыс  кетіп  қалады.  Үйірдің  тәкаппар  әрі  мықты

               көшбасшысы  ақсақ  құлан  күтпеген  жерден  бұрылып  кеп
               Жошыға шабуыл жасайды. Мұндайды күтпеген Жошы ат-
               тан ұшып түсіп, мойнына зақым келеді де бірден қайтыс

               болды.

                   Ұлының қайғылы қазасы туралы қаһарлы Шыңғысханға
               хабарлауға ешкімнің батылы жетпейді. Қаралы хабаршы-

               ны қатал өлім күтіп тұр еді. Ханның нөкерлері шығар жо-
               лын тапты. Шыңғысханға Кет-Бұға күйшіні алып келеді. Ол
               бірде-бір сөз айтпай, жай ғана домбырада «Ақсақ құлан»
               күйін тартады. Шыңғысхан бәрін түсініп, ашуланып: «Сен

               маған  ұлымның  өлімі  туралы  ауыр  хабар  әкелдің.  Сенің
               өлуің керек!» – дейді. Күйші оған: «Мен бірде бір сөз айт-

               қан жоқпын! Сен менің домбырамды тыңдап отырып бәрін
               түсіндің. Міне, оны жазалаңыз», – деп жауап берген екен.
               Сонда Шыңғысхан: «Жарайды! Онда сенің домбыраң жа-
               залансын – оның көмейіне қорғасын құйыңдар!» – деген

               екен. Сол кезден бастап домбырада тесік – балқытылған
               қорғасынның ізі қалған дейді.









           128
           128
   123   124   125   126   127   128   129   130   131   132   133