Page 127 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 127
дау шылық мәнерімен ерек шеленді. XIX ғасырдың аса көр-
некті күйшілерінің арасынан Құр манғазы, Тәттімбет, Ықы-
ластың есімдерін атап өту ге болады.
Қазақтардың музыкалық мә де ниетінде әндер көрнек-
ті орын алады. Қазақтың халық әндері жанр бойынша:
тұрмыс тық лирикалық, тарихи болуы мүмкін. Әндерде қа-
рапайымдылық, адалдық, үлкендерге құрмет, еңбекқорлық,
достық дәріптелген.
Қазақ халық шығармашылы ғында лирикалық әндер
ерекше орын алады. Олар Отанға, та биғатқа, адамға деген
сүйіспен шілікке арналған. Лирикалық ән дер сазды, әуезді,
қарапайым және орындалуы оңай.
Ән өнерінің дамуына Абай Құнанбаев, Біржан сал,
Жаяу Мұса, Кенен Әзірбаев, Ақан сері сияқты компози тор-
әншілер үлкен үлес қосты.
Домбыра – қазақ халқының екі ішекті музыкалық аспабы.
Күй – қазақтың дәстүрлі аспаптық туындысы, ол музыка
арқылы қазақ халқының эпостық тарихы, ертегілері мен
аңыздарын баяндайды.
Күйші – күйлердің авторы және орындаушысы.
Ақын – өлеңші, жыршы, көбінесе өз туындысын домбы-
раның сүйемелдеуімен орындайды.
? 1. Қазақ халқының музыкалық аспаптарын ата.
2. Қазақ халық әндерінің қандай жанрларын білесің?
3. Өзіңе белгілі қазақтың әнші-орындаушыларын ата.
4. Өзіңе белгілі қазақ халқының музыкалық туындыларының
түрлерін ата және сипаттама бер.
5. Қазіргі жастарға халықтың музыкалық туындылары қызықты
ма, қалай деп ойлайсың?
127