Page 129 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 129

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ НАНЫМ-СЕНІМІ


            Хабардар боласың:
              Қазақстан аумағында таралған түрлі діндерге тән
                белгілер жайлы.

            Қазақстан аумағында өмір сүрген ежелгі түркілердің діні
        тәңіршілдік болған.

            Тәңіршілдік  –  табиғаттың  күшіне,  Аспан  мен  Күнге,
        сондай-ақ бабалар рухына деген сенім.
            Тәңіршілдік діни ілім ретінде қазақтардың дүниетанымы-
        на,  салт-дәстүріне  үлкен  ықпал  еткен.  Көшпелі  елдің  ата-
        бабаларына  табыну  идеясы  –  әруақтар.  Қазақтарда  ата-
        бабаны құрмет тұту осы күнге дейін келіп жеткен.
            Қазіргі Қазақстан аумағында исламның таралуы бір неше
        ғасырларға созылды. Бастапқыда ислам діни Оңтүстік Қазақ-
        станда Түркістан қаласы мен оның айналасына таралды.
        Ислам X ғасырдың соңында Қазақстан аумағындағы кейбір
        мемлекеттерде мемлекеттік дін ретінде бекітілді.
            Кейін Шыңғыс хан империясы кеңейген сайын исламның

        таралуы бәсеңдеді, өйткені көптеген түркілердің дәстүрлі діні
        тәңіршілдік болып қала берді. Бірақ ислам келесі ғасырларда
        таралуын жалғастырды. Сонымен, исламды мемлекеттік дін
        ретінде  Алтын  Орданың  хандары  Берке  (1255–1266)  және
        Өзбек (1312–1340) қабылдады.
            Өңірдегі барлық түркітілдес халықтар арасында исламның
        таралуына діни қайраткер Қожа Ахмет Яссауи үлкен үлес
        қосты, ол 1166 жылы Түркістан қаласында қайтыс болды.

            Бәрінен  бұрын  қала  тұрғындары  мен  егіншілікпен  айна -
        лысқан тұрғындар исламдандырылған болатын. V ғасырдың
        ортасында  ислам  Қазақ  хандығының  мемлекеттік  дініне
        айналды.  XIX  ғ.  аяғы  мен  ХХ  ғ.  басында  оқу  орындары  –
        мектептер мен медреселер санының өсуімен Қазақстанда
        исламның ықпалы күшейе түсті.
            Сонымен  қатар,  қазақтарда  әлі  күнге  дейін  ата-баба-
        лар дың әруақтарына табыну маңызды орын алады. Қазақ-


                                                                                       129
   124   125   126   127   128   129   130   131   132   133   134