Page 122 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 122
XIV–XV ғғ. қыпшақ тілінде көптеген шығармалар жазылды.
Фольклор үлгілері – жұмбақтар, әндер «Қыпшақ тілінің
сөздігінде» сақталған. Сол сөздікте 47 қыпшақ жұмбағы
жазылған.
«Қыпшақ тілінің сөздігі» XIV ғасырдың басындағы
ескі қыпшақ тіліндегі белгілі жазбаша дереккөз. 1362 жылы
италяндық саяхатшы ақын Петрарка Венеция кітапханасына
сыйға тартқан. Бұл кітаптың жалғыз данасы Венециядағы
Сент-Марк соборында сақталған.
Халық фольклорында эпостар, әңгімелер, аңыздар, ше-
жіре ерекше орын алады. Ежелгі аңыздардың бірі Алпамыс
туралы аңыз, сонымен қатар Ер Төстік туралы аңыз, «Ер
Тарғын», «Қамбар батыр», «Қобыланды», «Қырымның қырық
батыры» және т. б. поэмалар белгілі.
Халықтың ауызша шығармашылығын ертегілерсіз елес-
тету мүмкін емес, олардың кейіпкерлері ақылды адамдар,
80-сурет. Ақын аңыз айтып отыр
122
122