Page 117 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 117
Отбасылық маңызды мерекелердің бірі үйлену тойы
болды. Үйлену тойына туыстар мен таныстар шақырылады.
Үйлену дәстүрі беташардан басталатын. Қазақтардың кез
келген тойында дәстүрлі әндер шырқалады. Кең таралған
сайыстар – ат жарысы мен ат үстіндегі неше түрлі ойындар.
Мысалы: «Қыз қуу» ойыны.
Қазақтың көптеген әдет-ғұрыптары жас жігіттің дүниеге
келуімен, балалық шағымен, жасөспірімдік және кәмелетке
толуымен байланысты болды.
Мысалы, шілдехана – баланың өмірге келуімен байла-
нысты мереке. Ауқатты адамдар тек өз ауылдарының ғана
емес, көрші ауылдардың да тұрғындарын шақыратын. Жастар
арасында әртүрлі ойындар мен жарыстар ұйымдастырған.
Қазақ отбасында балаға жасалатын ең алғашқы
дәстүрлердің бірі бесікке салу. Жаңа туған нәрестені алғаш
рет бесікке салған кезде, ол тез өсіп, зор денсаулыққа ие
болуын ниет етеді.
77-сурет. Бесікке салу
117