Page 121 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 121

ХАЛЫҚ АУЫЗ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ



            Хабардар боласың:

              қазақтардың халық ауыз шығармашылықтарының
                ерекшеліктері жайлы;

              адамдардың қазіргі буыны үшін халық шығармашылы-
              ғының мәні жайлы.


            Қазақтардың ауызша халық шығармашылығы ежелгі түр-

        кілерден, қыпшақтардан және басқа түркі халықтарынан бас-
        тау  алады.  Мақалдар,  мәтелдер  бейнелілігімен  ерекшеле-
        неді  және  халықтың  бай  рухани  мұрасынан  көрініс  береді.
        Дана ойлар түркі шығармаларында жазылды. Мысалы, Жүсіп

          Баласағұнидің,  Махмұд  Қашғаридің  шығармалары,  Ахмет
        Яссау идің өсиеттері.
            «Құтты  білік»  –  көне  түркі  поэзиясының  көрнекті  туын-
        дысы. Оны Жүсіп Баласағұни жазған. Ол айтулы түркі отба-

        сынан шыққан, білім алған, араб және парсы-тәжік поэзия-
        сын жақсы білген. Кітап 6520 бәйіттен (85 тараудан) тұрады
        және қосымшасы бар. Шығарманың басты идеясы – барлық
        хандарды, билеушілерді де, оларға бағынышты адамдарды

        да «әділ» өмір сүруге үйрету.
            Халық  даналығының  аса  құнды  көздерінің  бірі,  ежелгі
        түркілер  өмірінің  энциклопедиясы  «Түркі  халықтарының
        сөздігі» болып отыр. Оның құрастырушысы Махмұд Қашға-

        ри  болды.  Ол  Самарқанд,  Бұхара,  Нишапур,  Мерв  және
        Бағдадта  білім  алып,  өмір  сүрген.  Көп  саяхаттап,  сөздік
        түрінде өңделген және ұсынылған мәліметтерді жинады.
            Сөздікке түркі халықтарының ауызша халық шығар ма-

        шы лығының сөздері мен шығармалары, өлеңдері, мақал-
        мәтелдері  енген.  Бір  қызығы,  халық  ауыз  шығармалары
        исламға дейінгі ежелгі кезеңге жатады.



                                                                                       121
   116   117   118   119   120   121   122   123   124   125   126