Page 118 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 118
78-сурет. Тұсау кесу
Келесі салт – тұсау кесу. Бала жүруді үйреніп, жылдам
жүгіріп кетуі үшін оның алғашқы қадамын осылай атап өткен.
Бұл күні қазақтың салты бойынша үйге ауылдағы сыйлы
адамды шақырып, оған баланың аяғына арнайы байланған
жіпті кескізу әдет болған.
Атқа отырғызу – баланы алғаш рет атқа мінген кезі.
Баланың қолына қамшы ғана емес, сонымен бірге найза
да ұстататын. Ол ат үстінде жүру үшін және найзаны дәл
лақтыруы үшін жасалатын.
Одан кейін сүндет той – сүндетке отырғызу салты. Бұл күні
5-7 жастағы ұлдың ата-анасы киіз үйге молданы шақырады.
Ол сүндеттеу рәсімін жасайды. Баланы ата-анасы молынан
марапаттайды. Содан кейін олар әдеттегідей мереке – той
жасайды. Көптеген қонақтар, көрші ауылдардан туыстар
шақырылады, олар өз кезегінде балаға және оның ата-
анасына сыйлықтар жасайды.
11 8
118