Page 113 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 113
таңқаларлық жоғары. 500 ғасырдан артық сақталды және әлі
күнге дейін көмескіленбеген.
ЮНЕСКО – бүкіл адамзат үшін құнды дүниежүзілік мә-
дени және табиғи мұраны сақтау мәселелерімен айна-
лысатын дүниежүзілік ұйым.
Кесене – қайтыс болған адамның сүйегі орналасқан ка-
мера және кейде еске алатын залдан тұратын ескерткіш,
жерлеу ғимараты.
Мазар – жерлейтін орын.
? 1. Қандай ескерткіштерді немесе орындарды тарихи деп атай-
ды?
2. Тарихи ескерткіш деп танылған Қазақстан кесенелерін ата.
3. Неліктен адамдар тарихи ескерткіштерге ұқыппен қарайды?
4. Айша бибі турлы аңызды оқы.
Жоспар құр және аңызды мазмұнда.
Аңызды суреттер бойынша мазмұндап айт (75-сурет).
75(3) суретте көрсетілген оқиғаны сипатта.
Айша-бибі туралы аңыз
Сұлу Айша текті адамның қызы болатын. 16 жасар Айша мен
Қарахан бір көргеннен бір-біріне ғашық болып қалады. Айшаның
әкесі қызын шыққан тегінің онша беделі жоқ Қараханға беруден бас
тартады. Қайғыға батқан жас жігіт туған жеріне кетті – оның
шыққан жері қазіргі Тараз аумағында болатын. Әкесінің батасын
ала алмаған Айша анасына ескерту жасап, Қараханның артынан
жолға шығады.
«Алты өзеннен өтесің, жетінші өзеннен өте алмай сың», – дейді
әкесі артынан. Айша алты өзеннен өтеді. Әкесінің сөзі есіне түсіп,
жетіншісінің алдында тоқтайды. Әкенің сөзі орындалады. Тастың
астынан шыққан жыланның шағуы ажалына жетеді. Қаза тапқан
сұлу Айша бибі сол жерге жерленеді. Қабірдің шырақшысы, оның
айырылмас күтушісі, құрбысы – Бабаджа-қатын болды.
Қарахан тым кеш келді. Есінен танған және қайғыға батқан
Қарахан сүйікті сұлуының моласына биік төбенің басына кесене
113