Page 115 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 115

Бұл қызық


              Қожа Ахмет Яссауи қайтыс болғаннан кейін екі ғасыр
          өткен соң кесене салынған. Құрылыс 1385 жылы атақты

          жаулап алушы Әмір Темір бұйрығымен басталды. Жеңіске
          жеткен жорықтан кейін ол әулиенің қабіріне тағзым етуді
          ұйғарады.  Қожа  Ахмет  Яссауи  қабірінің  аянышты  күйін
          көрген Әмір Темір орасан зор ғимарат салу туралы жарлық
          шығарды. Әмір Темір ғимарат жоспарын жасауға жеке өзі

          ат салысқан. Ол Қожа Ахмет жайлы естелікке лайықты ға-
          ламат көлемдегі кесене тұрғызуға шешім қабылдайды.

              Халық арасында құрылысшылардың кесенені салу ба-
          рысында бірнеше сәтсіздікке ұшырағаны айтылады. Алды-
          мен салынып жатқан қабырғаларын күшті дауыл құлатып
          кетеді. Содан кейін құрылыс орнында ғимараттарды қира-
          тып  кететін  бұқа  пайда  болады.  Бір  күні  Әмір  Темірдің
          түсіне әулие еніп, алдымен Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы

          болған  Арыстан  баб  қабіріне  кесене  салуға  кеңес  берді.
          Әмір Темір кеңесті орындағаннан кейін құрылыс еш кедер-
          гісіз өтіпті. Бұл ежелгі сәулет ескерткіші ғана емес, Орта-

          лық Азия мұсылмандары қажылыққа баратын киелі орын.
          Халық  арасында  кесенеге  үш  рет  бару  Меккеге  жасаған
          қажылыққа теңеседі деп есептеледі.
























                                                                                       115
   110   111   112   113   114   115   116   117   118   119   120