Page 120 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 120

Қазақ  елінде  атап  өтілетін  жалпыұлттық  мерекелердің

             бірі Наурыз мейрамы болды.
                 Наурызды көктемде күн мен түн теңелгенде 22 наурызда
             атап өтеді. Наурызда әрбір отбасы арнайы тағам – наурыз кө-
             же жасайды. Наурыз көжеге жеті түрлі тағам қоспасы қосы-

             лады: ет, бірнеше түрлі дәндер, айран. Наурызды бақыт пен
             амандық тілей отырып, үш күн тойлаған.
                 Тағы бір мереке көктем мерекесімен байланысты болды.
             Ол қыстаудан жазғы жайылымдар – жайлауға қоныс аудару
             күні. Шеруді ең әдемі қыз басқарады, оның қолына ту беріледі.
             Оның артынан қалған адамдар, барлық көшпелілер мүлкімен

             және киіз үймен жүріп отырады. Жаңа тұрақта кешке дейін
             мерекелік  шаралар  ұйымдастырылады,  жастар  ойындар
             ойнайды.
                 Қазақтар  сонымен  қатар  ораза  айт  және  құрбан  айт
             сияқты діни мерекелерді атап өткен. Ораза айт мұсылман-

             дар оразасы аяқталғаннан кейін тойланады, ал Құрбан айт
             70  күннен  кейін  тойланады.  Ол  кезде  малды  құрбандыққа
             шалады.
                 Барлық  той  мен  мерекелер  қазақ  халқының  салт-дәс-
             түрлеріне және этикалық ережелеріне сәйкес өткізіледі.



                Той – маңызды отбасылық салтанат.
                Мейрам – барлық халық болып атап өтетін мереке.
                Ас – құрбандыққа шалынған малдың етінен дайындалған

                туыстарға, көршілерге, басқа аталастарға арналған тамақ.
                Көбінесе өмірден өткендерді еске алу үшін беріледі.


               ?       1.  Қазақ халқының қандай салттарын білесің?
                       2.  Неліктен кейбір ежелгі салттар мен дәстүрлер сақталады?
                       3.  Қазіргі заманда қазақ халқының дәстүлері мен салттарының
                          сақталатынын дәлелде. Әңгімеле.
                       4.  Сенің отбасыңда отбасылық дәстүрлер бар ма?



           120
           120
   115   116   117   118   119   120   121   122   123   124   125