Page 110 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 110
Күмбездің қолшатыр тәрізді қырлы жабы ны ның қа зіргі Орта
Азия сәулетінде тікелей түпнұсқасы жоқ. Кесене порталын-
да оның астында жерленген әйелдің аты жазылған. Аңыз
бойынша ол Айша бибінің күтушісі болған және қайғылы
сапар кезінде оның жанында болған. Айша өмірден өткен-
нен кейін Бабаджа қатын өзінің сүйікті тәрбиеленушісі нің
моласында шырақшы болған.
Айша бибі кесенесі Тараз қаласында орналасқан. Айша
бибі кесенесі ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұраларының тізіміне
кіреді, ол XI–XII ғғ. салынған.
Айша бибі Қараханның сүйіктісі болған, оған естелік ре-
тінде кесене тұрғызған. Кесененің табаны текшеге ұқсас. Төрт
бұрышында массивті бағаналар орналасқан. Безендіруге
кішкентай қуыстар, шағын бағаналар, күмбездер, үшкіл ар-
калар, саздан істелген қаптама тақтайшалар қолданылды.
Кесене өрнектерінде геометриялық, зооморфтық ою-өрнек
өнерінің дәстүрлі түрлері үйлестірілген.
Алаша хан кесенесі Қарағанды облысының Қаракеңгір
өзенінің аңғарында орналасқан. Алаша хан кесенесі XI–XII ғғ.
мәдениет ескерткіші болып табылады.
Кесенені зерттеуді 1855 жылы Шоқан Уәлиханов бастаған.
«Алаш» термині ру-тайпалар оқшауланбаған және ортақ мал
ұстаған ежелгі дәуірге тиесілі. Бұл туыстар, бауырлар, пі-
кірлестер дегенді білдіретін түпнұсқа түркі сөзі. Қазақтар өзін
алаш деп атаған.
Кесене – күмбезді төбесі мен алдыңғы қасбетте қуатты пи-
лондары бар күрделі сәулет құрылымы. Сыртқы қабырғалар
шаршы, ромб және үшбұрыш түрінде кірпішпен қаланып, не-
гізгі қасбеті күйдірілген сазбен безендірілген.
Қожа Ахмет Яссауи кесене-кешені Түркістан қала сын -
да орналасқан. Бұл 1385–1405 жылдар аралығында са-
110
11 0