Page 106 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 106
зендірілген. Тағы бір кілемнің түрі – алаша. Алаша – ені 40–50
см болатын кілем өнімінің бір түрі. Алаша киіз үйдің еденіне
төселген немесе киіз үйдің керегесіне, үйдің қабырғасына
ілінген.
Қазақ әйелдері шие – дала қамысының сабағынан өрме
тоқи білді. Өрме киіз үйді шаңнан және қатты желден қорғау
үшін қолданылды. Сондай-ақ жоғары жағында өрнектері бар
өрме киіз үй есігінің киіз жамылғысына тігілді.
Үй кәсіпшілігі көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылық
жағдайында дамыды, өнімдер негізінен жеке мұқтаждықтар
үшін пайдаланылды.
Зергерлік өнер – бұл зергерлік бұйымдарды жасау өнері.
Зергер – әртүрлі зергерлік бұйымдар жасайтын маман.
? 1. Қолөнершілер бұйымдар жасау үшін қандай материалдар-
ды пайдаланды?
2. Жануарлардың терісін қандай мақсатта қолданды?
3. Жануарлар жүнінен қандай бұйымдар жасады?
4. XVIII–XIX ғасырларда қазақтар қандай қолөнер түрін мең-
герді?
5. Сөйлемдерді үлгі бойынша жалғастыр.
Кім немен айналысады?
Үй салушы (үйші) ағаштан киіз үйлер салады.
Ұста ...
Зергер ...
Тоқымашы …
Былғары ісінің шебері …
6. Сен тұрған жерде қандай қолөнер түрлері дамығаны жайлы
айтып бер.
7. Еңбек сабағында қандай іспен айналысатын туралы айтып
бер. Еңбек сабағында қандай бұйымдар жасайсыңдар?
106
106